Алғашқы арбат ашылды

image_750x_5b17a5c60809e.jpg

Жақында Шымқаланың алғашқы арбаты ашылды. Тұңғыш сая жолдың ашылуына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және шаһар тұрғындары қатысты. Арбат Бекет батыр көшесінде орын тепкен. Тұрғындардың қуанышымен бөліскен Ж.Түймебаев сейіл мекенін аралап, тілегін жеткізді.    Тар көшені демалыс аймағына айналдыруға болатынын іспен дәлелдеген қала әкімі Нұрлан Ермекұлы жергілікті тұрғындармен пікірлесіп, ұсыныстарына құлақ түрді. Арбат маңынан демалуышылардың қауіпсіздігі үшін полиция пункті ашылса деген ниеттеріне қала басшысы алдағы уақытта мұнда бақылау камералары орнатылатынын жеткізді. «Шымкент еліміздегі ірі қалалардың бірі. Дамыған қалалардың барлығында халық демалатын орындардың көптеп орналасуы заңдылық. Атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы қала жұртшылығының игілігі үшін»,- деді ол.


     Арбатқа жаңа шамдар ілініп, орындықтар қойылған. Ыңғайлы демалыс аймағында тіпті велосипед жолағы да қарастырылған. Мұндағы 3600 шаршы метр аумақ көгалдандырылып, 2000 шаршы метр жерді аяқ жолдар алып жатыр. Мұнан бөлек, ол жерге 700-ге жуық жөке, талшын, аққайың сынды ағаш түрлері мен 1000 түп раушан гүлі егілді. Түнгі арбатты жарық етуге 76 көше шамы мен 45 кіші торшер қойылды.  Қазіргі таңда мамандар арбаттың ерекше келбетін аша түсетін арканы құру жұмысын аяқтауда.  Жуық арада Бекет батыр көшесінің бұл бөлігі нағыз шығармашылық адамдарының орталығына айналмақ. Себебі бұл аумаққа Суретшілер үйін салу жоспарлануда. Демек қазақ ұлтының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын көрсетуге де мүмкіндік туады. Халық әндері мен әуесқой сазгерлердің шығармаларын тыңдауға да жағдай жасалынбақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер