Шымкент кәсіпкерлері «Мекптепке жол» акциясын бастады

68254286_2287763724869914_2062809974077128704_n.jpg

Шымкент қаласында аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, биыл мектепке баратын балаларға мәслихат депутаттары тарапынан киім-кешек пен сөмкелер таратылды. Одан бөлек 60 жас өскінге 25 мың теңгеден берілді.

«Оқушылар сарайында» көпбалалы аналарға көмек беру мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі қайырымдылық «Мектепке жол» акциясы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы және мәслихат депутаттары, фракция мүшелері ұйытқы болуымен өтті.  Шараға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, сондай-ақ партия мүшелері, депутаттар, білім саласының қызметкерлері, «Jas Otan» ЖҚ Шымкент қалалық филиалы өкілдері қатысты.

Акция мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін көмек көрсету. Бұл шара еліміздің барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылуға және өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға, отбасыларға көмек көрсетуде, сондай-ақ мектепке өз жолын табуға қол ұшын беруде үлестерін қосуға шақырады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер