Жемқорлық індет, - оны ауыздықтау – міндет екені түсіндірілді

image_750x_5b04ea04c7c52.jpg

Жемқорлық – індет екені баршаға белгілі. Оны түп-төркінімен жою, індетті ауыздақтау – міндет. Барша Қазақстан азаматтарына міндет. Соған орай, әрбір азамат өз Отанының қарыштап дамуына үлес қосу керек. Ол үшін жемқорлықпен күрес өз деңгейінде жүргізілгені абзал. Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында жемқорлық мәселесіне кеңінен тоқталған болатын. Онда нақты міндетерді жүктеп, тиісті мекемелерді жұмыс істеуге шақырды.

Елбасы Жолдауына орай, ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/3 мекемесінің жеке құрамымен кездесу өтті.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Г.Төлегенқызы, «Нұр Отан» партиясының Еңбекші аудандық филиалының өкілі Б.Тұяқбаев және жеке құрам қатысты.

Семинарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен Гүлмира Төлегенқызы таныстырып өтті.

Семинар барысында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жол бермеу жолдарын талқыға салды. Нәтижесінде семинарға қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмасына қанығып, жемқорлықты ауыздықтауға бар күштерін сарп ететіндерін айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер