Түркістан облысының тұрғыны тәулігіне бір тонна сүт өндіреді

image.png

Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округі Сарқырама елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Есімхан Дауытбеков мал шаруашылығын дамытуды қолға алған. Қожалық иесі сүтті бағыттағы сиырларды Ақтөбе қаласынан арнайы алдырып, бүгінде төл басын көбейтіп отыр.

«Асыл тұқымды сүтті бағыттағы голштейн сиырларын 2019 жылдан бастап бағып келемін. Алғашқы кезде 45 бас сиыр, кейін 6, тағы қосымша 25 бас сиыр сатып алдым. Ірі қара малды күтіп-бағу ісіне отбасымызбен атсалысып келеміз. Күніне әр сиыр 20 литрден 45 литрге дейін сүт береді. Тәулік бойы жиналған бір тонна сиырды сүт зауытына өткізіп отырамын»,- дейді шаруа.

Кәсіпкер бүгінде ауылдың 2 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қысқы мезгілге мал азығын толық дайындап алғанын айтқан шаруа кәсіпті дөңгелетуге мемлекеттен субсидия алғанын жеткізді. Бүгінде сиырлар төлдеп, қорада 40-қа жуық бұзау бар.

Балдыберек ауылының тұрғыны Бегман Апашев та мемлекеттен берілетін субсидияны тиімді пайдаланып, асыл тұқымды «Ангус» сиырларын 90-ға жеткізіп отыр.

– Елімізде мал шаруашылығын дамытуға көптеп көңіл бөлініп жатқанын бұрын көп естіп жүретінмін. Сосын осы шаруамен неге айналыспасқа деген ой келіп, әрекеттің арқасында арманымды іске асыра бастадым. Қазір жеке айналысатын ісім, табыс көзім бар. Мүмкіндік болса тағы қосымша мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге берілетін көмекті ала отырып, кәсібімнің өрісін кеңейтсем деген мақсатым бар, – деді қожалық иесі Бегман Апашев.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер