Айтбаевты еске алуға арналды

67940929_1071970923193199_7691269477664555008_n.jpg 

Түлкібас ауданында  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында аудан тумасы, спорт жанашыры Орынбек Орынбайұлы Айтбаевты еске алуға арналған спорттың шахмат, волейбол, футбол түрлерінен облыстық турнир өтуде. Ел қадірлеген ардақты азамат Орынбек Орынбайұлын еске алуға арналған турнир жыл сайын ұйымдастыру ауданымызда дәстүрге айналған. Турнирге ауданның барлық аймақтарынан спортшылар қатысып отыр. Оның ішінде футбол бойынша ауданның 4 аймағынан іріктеліп шыққан 11 команда аудандық турнирге қатысуда. Турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысып демеушілік танытқан азаматтың бірі Қайрат Орынбайұлы болды. Халқымызда «Туған елге тағзым ету парызым, туған жерге қызмет ету қарызым» деген даналы сөз бар. Осыған орай Қайрат Орынбайұлының мұрындық болуымен Түлкібас поселкесі мен Кемербастау ауылдық округіне жаңа мектептердің салынуы мен қасиетті де киелі орын Шөлтөбе орынын жаңғырту ісі және А.Асқаров атындағы білім ұясы жанынан Ұлы отан соғысына қатысушы ардагерлерге арналған ескерткіш бой көтерсе, кеше ғана Түлкібас кентінен жаңа мешіт соғып, ел алғысына бөленді. Осындай туған жерді көркейту жолында атқарып жатқан игі жұмыстарға қолғабыс білдірген Қайрат Орынбайұлына шараға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары М. Жанесен алғысын білдірді. Және жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілей отырып, жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектестігін жеткізді. Мәртебелі қонақтардың арасында Зейнеп Ахметова, Дохтырхан Тұрлыбек және Қайрат Орынбайұлының турнирге арнайы келген достары да ыстық лебіздерін білдірді.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Айтбаевты еске алуға арналды