Ақыл жастан

67913268_2366615546990299_616195470443675648_o.jpg

 «Жастар жылы»  аясында Төлеби ауданы аудандық мәдениет үйінің орталық алаңында Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен Төлеби аудандық "Жастар ресурстық орталығының қолдауымен ауданымыздың жас кәсіпкерлерінің #ЖАСКӘСІПКЕР арнайы жобсы өтті.  Бұл туралы Төлеби ауданы әкімдігі хабарлады.  Жастарды кәсіпкерлікке бейімдеу мақсатында өткен шарада Бизнес бастау бойынша кәсіпкерліктің қыр-сырын үйреніп, оқып жатқан жастар белсенділік танытып, жасап жаткан кәсіптерінің өнімдерін сатылым бағасынан 40 50% төмен бағада аудан тұрғындарына саудалауда.
Тұңғыш-президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биыл қаңтарда «Жастар жылының» ашылу салтанатында:

-Халқымыздың «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген нақыл сөзі бекер айтылмаған. Біздің жастарымыздың бойында мұндай қасиеттер бар. Бизнеспен айналысамын деушілерге жол ашу аса маңызды.  Шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде барлық өңірде «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеу қажет.  Бұл жоба аясында жыл сайын білім алатын жұмыссыз жастар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санын
100 мыңға дейін жеткізген жөн.  Соңғы екі жылда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау» жобасы бойынша ауылдар мен шағын қалалардың 43 мың тұрғынын оқытып шығарды. Нәтижесінде 11 мыңнан астам бизнес жобалар іске қосылып, 16 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Осыған байланысты жоба аясында жұмыс істеп жатқан адамдардың 95 проценті бюджетке салық төлеуде. Сондай-ақ, Үкіметке «Бизнес-2020» жол картасы аясында жас кәсіпкерлер үшін грант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есе арттыруды тапсырамын.  Жалпы, үш жыл ішінде 300 мыңға жуық жастарымыз бизнестің қыр-сырын меңгеріп шығады.  Кем дегенде 80 мың адам немесе олардың төрттен бірі өз кәсібін бастап, ел экономикасына елеулі үлес қосатын болады,-деген болатын.  

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер