Тас жолдарда рейд жүріп жатыр

5d4ad2c184a64.jpeg


Түркістан облысының көліктік бақылау инспекциясы мен Түркістан облысының Полиция департаменті, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағындағы жолдарға тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізілуде. Бұл шараның мақсаты-тас жолдарда көліктердің қатысуымен болатын қайғылы жайттардың алдын алу, заңсыздықтарды болдырмау. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Іс-шара барысында 1157 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалды, нәтижесінде 24 миллион 891 мың теңге сомасында айыппұл салынып, оның 22 миллион 956 мың теңгесі өндірілген.

Рейдтік іс-шаралардың басым көпшілігі Төрткөл-Арыс бағытында инертті материалдарды (құм, тас, құмды шағал тас және т.б.) тасымалдау және Бадам-Сарыағаш бағытындағы жолдарда жеміс-жидек тасымалы мен айналысатын транзиттік көліктерге қатысты жүруде. Сондай-ақ, жүк көліктердің оське түсіретін салмағын ретке келтіру үшін облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр.

Алдағы уақытта осындай шаралар жалғасын табады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер