Түркістан мектептерінде "Ясауитану" пәні оқытылмақ

Түркістанда қала әкімдігінің  бастамасымен "Ясауитану" пәнін енгізу мақсатында "Ясауи мұрасындағы құндылық" атты ғылыми конференция өтті.

Screenshot_8.jpg

Конференцияның мақсаты: бабамыздың мұрасын мектеп бағдарламасында III кезеңге бөліп оқыту арқылы бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа дейін қамтып, сол арқылы оқушыны ұлттық құндылыққа, салт-дәстүрге және де адами құндылықтарға бойын үйрету.

Жиынға облыстық Білім беруді дамыту орталығының директоры Бақытжан Төлімбет, қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы, қалалық Білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова, философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетаев пен ясауитанушы ғалымдар қатысты.

Яссауи бабамыздың 930 жылдығына орай өткен жиында Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өмір жолы мен шығармашылығы туралы айтылды.

Ясауитанушы ғалымдар Қожа Ахмет Яссауи жайлы мақалаларын оқыды.

Сонымен бірге, шарада «Ясауитану» пәні мектеп бағдарламасында оқыту әдістемесі және сол әдістемеге көмекші құралдар да көпшілікке ұсынылды.

Басқосу соңында "Ясауитану" пәнін облыс орталығы мектептерінде пән ретінде оқыту туралы ұсыныстар қаралды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер