Анасы өлтірген болуы мүмкін марқұм балалардың бірі ұл, біреуі қыз

Түркістанда жалдамалы пәтерлердің бірінен екі бүлдіршіннің мәйіті табылды. Балаларын өлтірді деген күдікке ілінген анасы Шымкенттегі қонақ үйлердің бірінде ұсталды. Сезікті Қызылорда облысының тумасы, ол Түркістанға отбасылық жанжалдан соң келген болуы мүмкін. 

Screenshot_8.jpg

Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылды. 7 ақпан күні болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды. Бүлдршіндерді өлтірді деген күдікке олардың анасы ілініп отыр. Жедел іздеу-тергеу жұмыстарының нәтижесінде күдікті әйел Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұсталды.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда«, -деп мәлімдеді Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

Қазіргі таңда адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Күдікті әйел қамауға алынды. Тиісті сараптама тағайындалды. Ал әлеуметтік желіде күдіктінің жалдамалы пәтерден шығып бара жатқаны түскен бейнежазба тарады.

Әлеуметтік желілерде тараған кейбір мәліметтерге сүйенсек, Түркістан қаласында өзінің жас балаларын қатыгездікпен өлтірді деген күдікті әйел Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы №46 мектеп-лицейінде тәрбиеші болып жұмыс істеген. Және оның денсаулығында психикалық ауытқуы болуы мүмкін. Ол жұбайымен отбасылық жанжалдан кейін, қайғылы оқиға болған Түркістандағы Отырар шағынауданында екі тәулікке пәтер жалдаған болуы мүмкін. Ал өз анасының қолынан қаза тапты делінген ұл бала 2019 жылы, ал қыз бала 2020 жылы туылған деген дерек бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер