Әкесінің өліміне айыпталған Алмас Садақбаев сотта кешірім сұрады

image.png

Түркістан облысында әкесін соққыға жығып, өліміне себепкер болды деп айыпталған Алмас Садақбаевқа қатысты сот жарыссөздері өтті. Мемлекеттік айыптаушы соттан оны 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруды және 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды сұрады.

Сот барысында 41 жастағы айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Ол көз жасына ерік беріп, соттан кешірім сұрап, жазаны жеңілдетуді өтінді. Айыпталушының айтуынша, оның кәмелетке толмаған балалары бар, жұбайы жұмыс істемейді және отбасының жалғыз асыраушысы өзі.

"Кешірім өтінемін. Қазір ұяттан басымды көтере алмаймын. Өзім де не болғанын білмеймін. Есімнен адастым. Соттан жазамды жеңілдетуді сұраймын. Кәмелетке толмаған балаларым бар. Әйелім жұмыс істемейді, отбасындағы жалғыз асыраушымын", – деді ол.

Сондай-ақ қорғаушысы да соттан қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Ал іс бойынша үкім 15 қаңтарда жарияланатыны белгілі болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әкесінің өліміне айыпталған Алмас Садақбаев сотта кешірім сұрады
  • Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамқа қатысты сот процесі басталды
  • Шетелдік инвесторға Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды
  • Түркістан облысында 11 айда өнеркәсіп өнім көлемі 1,4 трлн теңгеге жетті
  • Түркістан облысында жаңа жылдың алғашқы тәулігінде 106 сәби дүниеге келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер