Ө.Шөкеев: Қағаз жинап, әр есікке жүгіруден арылған абзал

Screenshot_10.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде айтылған Президенттің әлеуметтік бастамалары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр Отан» партиясының бастамалары өте дұрыс әрі дер кезінде қолға алынды деген ойдамын. Оның көпшілігі әлеуметтік салаға бағытталып отыр. Біріншіден, әлеуметтік салада еңбек ететін, жалақысы төмен бюджет қызметкерлерінің айлығын өсіру - барлығы да күтіп отырған өзекті шаруа. Одан кейін көпбалалы отбасылар үшін әр балаға 21 мың теңгеден жәрдемақы төлеу - үлкен көмек. Атаулы әлеуметтік көмектің механизмін жетілдіру мәселесі де өте өзекті», - дейді Өмірзақ Шөкеев.

Түркістан облысының әкімі көпбалалы отбасыларды қолдау бағытындағы жұмыстарды атқару үшін адами факторды ысырып тастап, барлығын да цифрлық жүйе арқылы жүзеге асыру керектігін ерекше атап өтті. 

«Әр бала дүниеге келді ме, ол бірден тізімге енуі керек. Қағаз жинап, әр есікке жүгіруден арылған абзал. Бірақ, арасында техникалық себептермен тізімге енбей қалғандар болса, олармен комиссия жұмыс жүргізуі керек. Бүгін өзіңіз көргендей бәріне ауқымды тапсырма берілді ғой. Енді барып елмен ақылдасамыз. Өйткені, бұл бағытта бұрын-соңды болмаған қаражат бөлініп жатыр», - дейді ол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қай заманда қазақтың қызы қара жамылып, бүркеніп еді?»: Аягүл Миразова
  • Түркістан: Сарыағаш ауданында 28 түрлі кондитерлік өнім өндірілуде
  • Жеңіс ауыл округінде «Жасөспірім және Заң» атты жиын болып өтті
  • Түркістан облысы дін істері басқармасы Шұбар ауыл округі тұрғындарымен кездесті
  • Түркістан облысы дін істері басқармасы Шұбарсу ауыл округі тұрғындарымен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер