Түркістан облысында былтыр бір тоннадан астам есірткі тәркіленді

image.png

Түркістан облысында 2025 жылы заңсыз есірткі айналымына қатысты 425 дерек тіркелген. Оның 131-і қылмыс, 294-і құқық бұзушылық ретінде бағаланған, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Зиятаевтың айтуынша, есірткі заңсыз егу бойынша 65, ал сату фактілері бойынша 43 дерек анықталған. Аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша 19 іс тіркеліп, 2 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген.

Интернет арқылы синтетикалық есірткі таратумен күресте 1 382 ақпараттық сайт бұғатталған. Прокуратурамен бірлесіп электронды банктік есепшоттарды тексеру барысында 1 761 банк картасына «Антифрод» бағдарламасы арқылы шектеу қойылған. Кинологиялық қызмет орталығының көмегімен 50 қылмыс ашылған.

Сонымен қатар «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шардара ауданында үш есірткі алқабы анықталған. Жамбыл облысының шекарасындағы «Шақпақ Баба» бекетінде 40 келіден астам есірткі тәркіленіп, 5 адам қамауға алынған.

Өткен жылы Созақ ауданында құрамында есірткі заты бар ірі плантация табылып, Қызылорда облысының екі және Шымкент қаласының бір тұрғыны ұсталған. Оларға тиесілі 900-ден астам қарасора және 260-қа жуық көкнәр түптері тәркіленген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында былтыр бір тоннадан астам есірткі тәркіленді
  • Шымкентте жол үстіндегі жанжалдан кейін төрт ер адам ұсталды
  • Түркістан облысындағы колледждерде сұранысы төмен мамандықтар қысқартылмақ
  • Әкесінің өліміне айыпталған Алмас Садақбаев сотта кешірім сұрады
  • Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамқа қатысты сот процесі басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер