Ө.Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Screenshot_10.jpg

Бұрынғы вице-премьер-министр – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорда хабарлайды. 

Өмірзақ Шөкеев 1964 жылдың 12 наурызында Түркістан қаласында дүниеге келді. 1986 жылы Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдады. 

1986-1988 жж. - ҚазКСР Мемлекеттік жоспары жанындағы Жоспарлау үрдістерін автоманттадыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 

1988-1991 жылдары - Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің аспиранты; 

1991-1992 жылдары - Жоспарлау үрдістерін автоматтандыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері; 

1992-1993 жылдары - ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі; 

1993 жылы - ҚР Президентінің Аппараты мен Министрлер Кабинетінің қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары;   

1993 - 1995 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшісі басшысының, әкімінің орынбасары; 

1995 жылы қараша - 1997 ж. наурыз - ҚР Экономика министрі; 

1997 жылы наурыз - қазан - ҚР Экономика және сауда министрі; 

1997 жылы шілде - қазан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (макроэкономика, өнеркәсіптің шұғыл қызметі, сауда, көлік, энергетика, ғылым, ТМД елдерімен қарым-қатынас мәселелері жөніндегі); 

1997 жылғы қазан - 1998 жылғы сәуір - «Банк Тұран-Әлем» ЖАҚ Басқармасының төрағасы; 

1998 жылғы сәуір - тамыз - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары; 

1998 жылы тамыз - 2004 жылғы наурыз - Қостанай облысының әкімі; 1997 жылы ақпан - қараша - ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің мүшесі;  

1997 жылғы қараша - 1998 жылғы тамыз - ҚР Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі;  

1997 жылғы наурыз - желтоқсан - «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ Бақылау кеңесінің төрағасы;  

2004 жылдың наурызынан бастап Астана қаласының әкімі; 

2006 жылдың қыркүйегінен бастап Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі; 

2007 жылдың тамызынан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары; 

2009 жылдың 3 наурызында Қазақстан Президентінің Қаулысымен ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары; 

2011 жылдың 11 сәуірінде Мемлекет басшысының қаулысымен кезекті рет ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жыл 26 желтоқсандағы №1600 қаулысымен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының Төрағасы болып тағайындалып, Директорлар кеңесінің құрамына «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы ретінде сайланды.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 1493 қаулысымен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына  «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы ретінде қайта сайланды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Общественные деятели проявили активную гражданскую позицию
  • Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде АЭС-ке байлансты жиналыс өтті
  • «Қолынан іс келеді»: Президент Дархан Сатыбалдыға қандай баға берді?
  • АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді
  • В Шымкенте проведена информационно-разъяснительная работа по вопросам религии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер