Бір жылда 1 млрд. 200 млн. теңге айыппұл өндірді

д.jpg

Түркістан облысында былтыр полиция тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған азаматтарға 1 млрд. 237 млн. 181 мың теңге айыппұл салынып, оның 1 млрд. 200 млн. теңгесі өндірілді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков ел алдындағы есебінде айтты, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігінің Түркістан қаласындағы тілшісі.

– 2019 жылдың екінші тоқсанында біз процессингтік орталық пен жедел басқару орталығын ашып, Түркістан қаласында 56 бейнебақылау камерасын іске қостық. Жалпы облыс аумағында 506 бейнебақылау камерасы бар болса, олармен 101 қылмыс ашылып, 10 мың 307 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Процессинг орталығына қосылған 7 жылдамдық өлшеуіш құрылғысы және 1 қиылыс бақылау интеллектуалды камерасымен 37 мың 260 құқықбұзушылық анықталып, 401 млн. 303 мың 300 теңге айыппұл салынды. Оның 172 млн. 188 мың 252 теңгесі өндірілді, – дейді полиция генарал-майоры.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер