Түркістанда жұмысшылардың тапшылығы мен қағазбастылықтан құрылыстар кешігіп жатыр

туркурылыс-4.jpg

Түркістан қаласындағы бірқатар құрылыстар жұмыс қолының тапшылығы мен қағазбастылықтың қолбайлау болуынан кешігіп жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің биыл пайдалануға берілетін тұрғын үй құрылысы нысандарын аралауы барысында өндірістік кестеден артта қалып қойғаны үшін айыппұлдар салынған мердігер мекемелердің өкілдері айтты.  

Облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Шөкеев шаһардың әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бой көтерген 7 қабатты 14 тұрғын үйдің, 12 қабатты 40 тұрғын үйдің және  Батыс Қытай – Батыс Еуропа тасжолының бойында 7 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылыс сапасын тексерген. Бүгінде көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы екі ауысымда жүргізілуде. Бұған қоса, қазіргі таңда әкімшілік-іскерлік орталықтың аумағынан жеке құрылыс компаниясы өз қаражаты есебінен 12 қабатты 32 тұрғын үйді салып жатыр. Жыл соңына дейін оның 12-сі пайдалануға берілмек. Жалпы құрылысқа 600-ден астам жұмысшы жұмылдырылған. 

туркурылыс-1.jpg

Облыс әкімі сала басшылары мен мердігер компаниялардың қожайындарымен жұмыстың баяу жүріп жатқанын айтып нысандарды уақытылы аяқтауды тапсырды. Бұл ретте, техникалық қадағалаушы мекемеге ескерту хаттар жолданып, өндірістік кестеден артта қалып қойған бірқатар мердігер мекемелерге айыппұлдар салынған. Жауаптылар жұмыс қолының тапшылығы мен қағазбастылықтың қолбайлау болатынын алға тартты.

Мердігер мекемелер тарапынан түрғын үй қабаттарының колонналарын көтеру, қабатаралық жабындарының арматурасын тоқу, бетонын құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа пәтерлерді өз көзімен көріп, пысықтаған облыс басшысы құрылыс компанияларының басшыларына үй құрылысын мерзімінде аяқтауды ескертіп, жұмысшылар санын арттыруды және инфрақұрылымдық жүйенің тұтынуға сақадай сай болу керегін қадап айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер