Шымкентте C.Рахымов атындағы әскери колледждің жаңа оқу корпусы ашылды

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы республикалық әскери колледждің жаңа оқу корпусы салтанатты түрде ашылды. 

Screenshot_1.jpg

Аталған маңызды іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қарулы Күштердің ардагерлері, колледждің жеке құрамы, сондай-ақ «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

Салтанатты шара Сабыр Рахымовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Қатысушылар Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған қолбасшыны бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұл — жас ұрпақтың тарихты құрметтеуге, елін қорғаған батырлардың ерлігіне тағзым етуге бағытталған тәрбиелік маңызы зор сәт болды.

Screenshot_2.jpg

Қорғаныс министрі мен қала әкімі қатысушыларды жаңа оқу ғимаратының ашылуымен құттықтап, өзінің жылы лебіздерін білдірді. Өз сөзінде қала әкімі Ғабит Сыздықбеков әскери колледждің білім беру үдерісіне қосқан үлесін ерекше атап өтіп, педагогикалық құрамның кәсібилігінің арқасында жасөспірімдер Отан алдындағы борыш, ар-намыс және патриотизм секілді маңызды құндылықтарды бойына сіңіріп жатқанын айтты. Ол болашақ офицерлердің егемен еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жолында даңқты әскери дәстүрлерді лайықты жалғастыратынына сенім білдірді.

Screenshot_3.jpg

Өз кезегінде Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қала басшылығына әскери бөлімдер мен нысандарды абаттандыру, гарнизон қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытында көрсеткен тұрақты көмегі мен тығыз ынтымақтастығы үшін ризашылығын білдірді. Құрмет белгісі ретінде министр қала әкіміне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ел қорғаны» ведомстволық медалін табыстады.

Screenshot_4.jpg

Іс-шара барысында үздік әскери қызметшілер марапатталып, колледждің жеке құрамы салтанатты маршпен сап түзеп өтті. Сонымен қатар, қонақтар назарына қоян-қолтық ұрыстың элементтері мен әскери техника үлгілері ұсынылды. Шара соңында делегация жаңа оқу ғимаратын, заманауи жабдықталған кітапхана мен мұражайды, әскери асхананы және спорт залын аралап, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты.

Screenshot_5.jpg

Жаңа оқу корпусы әскери білім беру сапасын арттыруға, болашақ офицерлердің кәсіби және физикалық даярлығын жетілдіруге зор мүмкіндік береді. Бұл бастама ел қорғанысын нығайту жолындағы маңызды қадам ретінде бағаланды.

Screenshot_6.jpg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Устойчивый рост промышленности как основа экономической модернизации
  • Өнеркәсіптің тұрақты өсуі – экономикалық жаңғыртудың негізі
  • В Шымкенте торжественно открылся новый учебный корпус военного колледжа имени Сабыра Рахимова
  • Шымкентте C.Рахымов атындағы әскери колледждің жаңа оқу корпусы ашылды
  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер