Орталық Азия елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының

Бүгін Шымкент қаласында «Орталық Азия елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Screenshot_1.jpg

Бұл басқосудың негізгі мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен татулықты нығайтудағы тәжірибесін талқылап, Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін айқындау. Жиында ұлтаралық достықты сақтау ісінде қалыптасқан үлгілер сараланып, мемлекетаралық қарым-қатынастардың жаңа бағыттары сөз болды.

Алқалы шараның шымылдығы «Дўстлик» қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжановтың алғысөзінен басталды. Ол өз сөзінде: «Қазақстан халқы Ассамблеясы – татулықтың темірқазығы, ол Орталық Азия елдері арасындағы достыққа да берік көпір болып келеді», – деп атап өтті.

Бұдан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймолдинов сөз сөйлеп: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның ХХХІІ сессиясында бейбітшілік пен келісімді нығайту жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Бүгінгі конференция – сол міндеттердің іс жүзіндегі көрінісі», – деді.

Screenshot_2.jpg

Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік интеграцияны дамытудағы рөлі, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы орны, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да көршілес мемлекеттердің достық пен келісімді нығайту тәжірибелері ортаға салынды.

Баяндамашылар Орталық Азиядағы этнос өкілдерінің бірлігін нығайту – өңірлік тұрақтылықтың темірқазығы екенін атап өтті. Қатысушылар мәдени байланыстарды арттырудың жаңа қырларын, елдер арасындағы серіктестікті бекітудің тиімді жолдарын ғылыми тұрғыда зерделеді.

Қорытынды бөлімде қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Жиын барысында Өзбекстаннан келген сарапшы Фармон Тошев: «Ұлтаралық келісім – ел дамуының кепілі. Қазақстан тәжірибесі бүкіл Орталық Азияға үлгі бола алады», – деп атап өтті.

Осылайша, Шымкент төрінде өткен халықаралық конференция татулық пен достықтың алтын көпіріне айналып, мемлекеттер арасындағы ізгі қадамдардың жаңа белесін айқындады. Ұлы Даланың рухани кіндігінде бастау алған бұл басқосу – Орталық Азия елдерін бірлікке шақырған бейбітшілік үні, болашаққа бағытталған сенім мен ынтымақтың айқын айғағы болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент присоединился к всемирному дню чистоты: Очищены улицы, дворы и парки
  • Тазалық күнінің қорытындысы: Шымкентте жүздеген тонна қоқыс шығарылды
  • Центральная Азия: роль Ассамблеи народа Казахстана в укреплении дружбы и сотрудничества
  • Орталық Азия елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының
  • Комплексное развитие АПК – стратегическая задача
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер