Шардара су электр станциясы апатқа байланысты жұмысын тоқтатты

"Шардара су электр станциясы" жарық сөнуіне байланысты жүктемені 30 МВт-тан 0-ге дейін төмендетті. Бұл туралы "Самрұқ-Энерго" компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Screenshot_5.jpg

"Шардара су электр станциясы" АҚ" ішкі жарық желілерінің өшуіне байланысты жүктемені 30 МВт-тан 0-ге дейін төмендетті", - делінген компания хабарламасында. 

"АлЭС" АҚ мен Мойнақ су электр станциясы жүктемесін сақтап қалған. Қазіргі уақытта Жүйелік оператор пәрменімен қуатты арттыруда. 

"Самрұқ-Энерго" АҚ-ның солтүстіктегі қуатпен қамтамасыз етушісі – Екібастұз ГРЭС-і жүктемені еш ақаусыз орындауда. 

Екібастұздың ГРЭС-1 станциясы 6 қуат блогы жұмыс істеп тұр. Жүктемесі 2 930 МВт, ал ГРЭС-2 станциясында жүктемесі 950 МВТ-қа тең екі қуат блогы жұмыс істейді. 

Айта кетейік, түскі уақытта Алматы, Тараз, Талдықорған және Шымкент қалаларында бір уақытта жарық сөнген еді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Экономист: Такси жүргізушілері елдегі орташа жалақыдан көп табады
  • Айдос Үкібай: Сара Алпысқызы ауруханада ем қабылдап жатыр
  • Руслан Берденов мәлімдеме жасады
  • Вьетнамдық компания еліміздегі әуежайлардың бірін сатып алмақ
  • Түркістандықтар қоқыс жинап жарысты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер