Алматыда жолаушылар мінген шағын автобус өртеніп кетті

Screenshot_1.jpg

Көлік жүргізушісі өртті өз бетінше өшіре алмаған. Бұл жөнінде Zakon.kz порталы хабарлайды.

Алматыда Volkswagen Caravella маркалы шағын автобус өртке оранды.

Қалаға қарай бет алған жолаушылар көлігі «Алтын Орда» базарының тұсына келген уақытта салон іші түтіндей бастаған. Түтіннің машина капотынан шығып жатқанын байқаған жүргізуші жолаушыларды көліктен шығарып, өртпен өз бетінше күреспек болған. Алайда, оған өрт сөндіргіш құрал да көмектесе алмаған.

Оқиға орнына жеткен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері өртті сөндірді. Әйткенмен, автобус тоық жанып кетті. Жүргізуші мен жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент МӘМС туралы заңға түзету енгізді
  • Бес жылда 40 тан астам жаңа су қоймасы салынбақ
  • Түркістанда 100-ге жуық отбасына баспана кілті мен домбыра тарту етілді
  • Түркістанда дрон шығарылмақ
  • Түркістан облысында кеурек өсімдігін қазған 68 шетелдік анықталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер