АҚШ иті университет бітіріп, магистр дәрежесін алды

Screenshot_1.jpg

25 жастағы Бриттани Хоули есімді азаматша АҚШ-тағы Кларксон университетін тәмамдап, магистр дәрежесін алды.

Диплом табыстау салтанатты шарасында дәл осындай атақ оның итіне де берілді. Ретриверді қожайыны Гриффин деп атайды екен. Университеттің Қамқоршылар кеңесі итті "тынымсыз еңбегі мен адалдығы" үшін марапаттау туралы шешім қабылдаған. Бриттани  мүгедектер арбасымен қозғалады. Гриффин сабаққа дейін де, кейін де, тіпті, лекция-семинар уақытында да онымен үнемі бірге жүрген. Негізгі міндеттері есік ашу, жарықты қосу, қожайыны арнайы лазер арқылы көрсеткен түрлі заттарды апарып беру болған. Оған қоса, Бриттаниге тағылымдамадан өтуге де көмектескен. 

Бриттани үнемі физикалық ауырсыну сезетіндіктен, ол үнемі мазасыздық, қорқыныш пен депрессияға алып келеді. Гриффин бұл жағдайды жеңуге тырысып, оның айналасындағы атмосфераны жайлы әрі қауіпсіз етуге талпынып жүреді. Қожайынының айтуынша, Гриффин екеуі оқудың алғашқы күнінен бастап бәрін бірге жасаған. Олар Солтүстік Каролинада тәжірибеден өтіп, онда тірек-қимыл аппараты мен психоәлеуметтік ауытқуларға шалдыққан сарбаздарға көмектескен. 

Дереккөз: massaget.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Танымал блогерлер ескертуден кейін қосымша 18,2 млрд теңге табысын декларациялады — МКК
  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер