Министр Қазақстанда АЭС қай қалада салынуы мүмкін екенін айтты

Screenshot_4.jpg

Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz. 

«Қазір сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр. Министрлік жанындағы ведомствоаралық комиссия жұмыс жасап жатыр. «Самұрық Қазына» жанынан сәйкес компания құрылып, осы талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірше, атом электр станциясы саланытыны немесе оның мерзімі туралы нақты шешім жоқ», - деді вице-министр.

Ол 2014 жылы Үкіметпен сәйкес жұмыстар қолға алынып, Курчатов қаласы немесе Балқаш өзені маңы секілді алаңдар анықталғанын еске салды.

«Қазір талқылау жүріп жатыр. Нақты шешім әлі де қабылданған жоқ», - деді Есімханов.

Еске сала кетсек, ҚР Энергетика минсистрі Қанат Бозымбаев бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбаттарының бірінде Қазақстанда атом электр станциясын салу қажеттілігі туралы шешім 2018 жылдың соңына дейін қабылданады деп мәлімдеген болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Танымал блогерлер ескертуден кейін қосымша 18,2 млрд теңге табысын декларациялады — МКК
  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер