Мырзахметовтың 900 медалі

1545725672254784.jpg

Асқар Мырзахметов Оңтүстікте жасаған жұмысын Жамбылда жалғастырып жатыр. Шымкентте дүниеге келген идеялар, бастамалар Таразда қайта жаңғыруда десек артық айтқанымыз емес шығар.  

Мәселен, Мырзахметовтың бастамасымен Жамбыл  облысында өңірдің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, елеулі еңбек еткендер облыс әкімінің наградасы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталатын болады. Облыс әкімдігінде өткен арнайы жиында төсбелгінің үлгісі таныстырылды. Айта кетері, дәл осындай белгіні Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған кезде де енгізген.

Мырзахметовтың айтуынша, 1 миллионнан аса халық тұратын Жамбыл облысының дамуына зор үлес қосып, талай жылдар бойы талмай тер төккендер, әсіресе, аға буынның өкілдері аз емес. Бұл белгі сол азаматтардың еңбегін ескеріп, мәртебесін арттыруға, сол арқылы өзгелерге үлгі-өнеге болуды мақсат тұтады.

«Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапаттауға Тараз қаласы мен облыстың аудандарынан 900-ден астам ұсыныс түскен. Облыс әкімі тізімді тағы да толықтыруға болатынын жеткізді. Келер жылы облыстың 80 жылдық мерейтойы барысында өзге де лайықты азаматтар аталмыш наградамен марапатталады және алдағы уақытта ол тұрақты түрде табысталатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер