Түркіменстанда доңыз бейнесін қолдануға болмайды

08kulJulegris.jpg

Түркіменстан билігі Жаңа жылға доңыз бейнесін  қолдануға тыйым салды. Бірақ мұндай тыйым жазбаша емес, әзірге тек ауызша салынып отыр.  

Мұның себебі түсінікті. Доңыз мұсылмандық түсінік бойынша харам жануар саналады. Қазір Ашхабадта жаңажылдық безендірулерде Аяз атаның, әртүрлі жан-жануарлардың бейнелері пайдаланылады. Оларды арасында шошқа жоқ. 

2018- Ит жылы екендігі белгілі. Биылғы жылды ел президенті Ғұрбанғұлы Бердымұхамедов  «Вепалы» деп аталатын алабай төбетінің жылы деп жариялаған болатын. «Вепалы»  уақтында Ресей президенті В.Путинге сыйланған асыл тұқымды төбет. Оның бейнесі Түркменстанда өткен Азия ойындарында пайдаланылған еді. 

Президент 2019 жылды кімге, неге арнайтыны туралы әзірге жақ ашқан жоқ. Ол тек жаңажылдық безендірулердің түркімен салт-дәстүріне сәйкес болуын тапсырған. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер