Атамбаев тұтқындалуы мүмкін

2016-12-05_10-33-14_156011.jpg

Қырғыстан парламенті экс-президенттерді тиіспеушілік құқығынан айыратын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасын қолдап 100 депутат дауыс берсе, екі депутат қарсы шыққан. 120 депутаттың 102-сі дауыс беруге қатысқан.

Орталық Азия жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, "Қырғызстан президентінің қызметіне кепілдік беру туралы" заң жобасы бойынша, президентке импичмент жарияланып, қызметінен кеткен соң қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Іс басындағы президентті Жогорку Кеңеш оған бас прокуратураның қызметінде қылмыс белгілері бар деген тұжырымы бойынша айып таққан жағдайда ғана жауапқа тарту қарастырылған.

Заң жобасында сонымен қатар экс-президенттің ар-намысы мен қадыр-қасиетін қорғауға кепілдік беретін 18-бапты өзгерту де ұсынылған. Заң біржола мақұлданса, Алмазбек Атамбаевтың жауапқа тартылуы мүмкін.

Бұл шешім Социал-демократиялық партияны басқаратын Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев пен оның орнын басқан қазіргі президент Сооронбай Жээнбековтің арасы ушығып кеткен тұста қабылданды.

Соңғы айларда кейбір қырғызстандық саясаткер мен депутат Атамбаевтың президент кезінде қабылдаған шешімдерін тексеруге шақырған. Биыл оның бірнеше жақтасы жемқорлық бабы бойынша күдікке ілініп, қамауға алынған еді.

2017 жылғы қазан айында Атамбаев қол астында премьер-министр болған Жээнбековтің кандидатурасын барынша қолдап, Қазақстан билігін "қарсылас кандидатты ашық жақтады, Қырғызстанның ішкі ісіне қол сұқты" деп айыптаған. 

Бірақ соңғы бірнеше ай ішінде екі саясаткер бір-бірін "біліксіздік танытты" деп айыптап, сөзге келіп қалған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер