Түркістан облысында 58 қызмет түрі бойынша тариф бағалары төмендетілді

Screenshot_1.jpg

Елбасының тапсырмасына сәйкес, облыстағы 48 нарық субъектілерінің 58 қызмет түрі бойынша тарифтері төмендетілді. Төмендетілген тарифтер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Нәтижесінде халықтың коммуналдық қызметке төлейтін қаражатын үнемдеу шамамен 1,15 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық монополияға қарсы департамент басшысы Ерболат Ыбырайханов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, облыста электр энергиясын тасымалдау тарифі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10,2 пайызға, яғни 1 киловат сағатқа 7,38 теңгеден 6,64 теңге дейін түсетін болып отыр. 

«Тасымалдау және өндіруші станциялардың тарифінің төмендеуі есебінен түпкілікті тарифтің төмендеуі 6,8 пайызды кұрайды, яғни халыққа 14,48 теңгеден 13,49 теңгеге деиін төмендейді. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұтынушылардың қордаланған қарызы үшін электр энергиясынан қайта қосу төлемі 40 пайызға төмендетіледі», - деді Ерболат Мақсұтханұлы. 

Табиғи газбен қамтамасыз ету саласы бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тасымалдау және көтерме баға түсу есебінен халық үшін газ тарифі 5,8 пайыз төмендетіліп, 1 текше метрге жеке тұлғаларға – 32,47 теңге, ал халықты жылумен қамтамасыз ететін заңды тұлғаларға – 28,27 теңгені құрайтын болады. 

Screenshot_2.jpg

Screenshot_3.jpg

Screenshot_4.jpg

Screenshot_5.jpg

Сондай-ақ, жылумен жабдықтау қызметі бойынша облыста орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін 6 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын бар. Көмір отынын қолдана отырып жылу энергиясын шығаратын мекемелер тарифін 7-24 пайыз аралығында түсіріп отыр. Қалған 2 мекеме табиғи газды қолдана отырып жылу энергиясын өндіреді. Бұл Сарыағаш және Төлеби аудандарындагы мекемелер. Газ отынын қолдана отырып жылу энергиясын шығаратын мекемелер тарифін 11-15 пайыз аралығында түсірмек. 

Бұдан өзге, ауыз су, ағын су және су бұру қызметімен айналысатын субъектілдің ішінен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 39 субъектінің тарифтері 5–13 пайыз аралығында төмендетілетін болады. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер