Тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне мониторинг күшейтілді

Screenshot_1.jpg

ҚР ДСМ ҚДСК Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберіндегі жоспар-кестеге сәйкес, 2018 жылдың 12 ай көлемінде 3346/177 (5,2%) өнімдердің сынамалары тексерілді. Оның 1465 (43,7%) - Қазақстандық өнім өндірушілердің өнімдері, 1410 (42,1%) - Еуразиялық Экономиялық Одаққа мүше (Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан) мемлекеттердің өнімдері, 471 (14,0%) - басқа мемлекеттердің өнімдері.

Алынған тағам өнімдері 2891 сынама, талапқа сай келмейтіні 170 (5,8%) сынама. Талапқа сай келмейтін өнімдердің 65 (38,2%) –Қазақстандық, 86 (50,5%) - Еуразиялық экономиялық одаққа мүше мемлекеттердің өнімдері, 19 (11,1%) - басқа мемлекеттердің өнімдері.

Тағам емес өнімдердің барлығы – 455/7 (1,5%), оның ішінде балалар ойыншықтары – 77/7(9%) , балалармен жасөспірімдерге арналған өнімдер – 28/0.

Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер бойынша сауда орындарына Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтары бойынша 86 ұйғарым беріліп, 31 хаттама толтырылып, 1178450 теңгеге айыппұл салынды. Берілген ұйғарымның уақытылы орындалмауына байланысты 4 құжаттар рәсімделіп сотқа өткізіліп, қаулыға сәйкес 817700 теңгеге айыппұл салынды. Соттың шешімі бойынша Мақтаарал ауданында орналасқан ЖК С.Назарчариповтың «Ғалым» дүкенінің жұмысы уақытша тоқтатылып, 240500 теңгеге, Түлкібас ауданында орналасқан ЖК А.Маликовтың дүкенінің жұмысы 1 ай мерзімге тоқтатылып, 168350 теңгеге, Қаратау ауданында орналасқан «Жаннатбурчаги» дүкеніне 240500 теңгеге айыппұл салынды.

Сатылымнан алынып, жеткізушіге кері қайтарылғаны 56,6 кг (тағам өнімдері).

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы

Н.Нышанов


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер