Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Screenshot_3.jpg

Түркістан облысы бойынша 2018 жылы жұқпалы және паразитарлық аурулармен тұрақты эпидемиологиялық жағдай қалыптасты. Атап айтқанда облыс бойынша 2018 жылдың 11 айында тұрғындар арасындағы оба, құтыру, сібір жарасы, тырысқақ, іш сүзегі, паратиф, дифтерия, көкжөтел, қызамық, сал аурулары тіркелмеді. 2017 жылдың 11 айымен салыстырғанда тері лейшманиозы 5,14 есе, жіті ішек жұқпалы аурулар 1,2 есе, тыныс алу органдарының туберкулезі 27,9%, эхинококкоз 19,9% энтеробиоз 22,4%, бруцеллез 6 жағдайға, Қырым қанды гемморагиялық қызбасы 3 жағдайға, менингококк жұқпасы 2 жағдайға төмендеген.

Мақсатты топтағы балаларды тиісті профилактикалық вакцинациялаудың 11 айдағы оптималді деңгейі 88,0-91,3% аралығында қамтылуы тиіс болса, ағымдағы жылдың 11 айлық мерзімде қамту көрсеткіштері жалпы 89,0-92,5% құрады.

Профилактикалық егулерден бас тартудың алдын алу жөніндегі іс-шаралар негізінде, түсіндіру жұмыстарының арқасында, 2017 жылдың басынан есептегі мезгілге дейін жалпы 109 бас тартушыға вакцинация жасалынды.

Облыс бойынша 2018 жылға жергілікті бюджет қаржысынан тұмауға қарсы 201000 «Гриппол+» вакцинасының дозасы алынып, тұмауға қарсы егумен облыс тұрғынының 10,2% қамтылды. Сонымен қатар, жұмыс берушінің есебінен 1549 жұмысшы егілді. Биылғы тұмау ауруының эпидмаусымында тұмау жағдайы тіркелмеді.

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы

Н. Нышанов

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер