Лукашенко Владимир Путинге төрт қап картоп және шошқаның майын тарту етті

Screenshot_1.jpg

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинге жаңа жылдық сыйлық ретінде төрт қап картоп және шошқаның майын (сала) тарту еткен. Бұл туралы Беларусь президентінің баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт мәлімдеді.

Азаттықтың қырғыз редакциясының жазуына қарағанда, Лукашенко ТМД елдерінің басқа президенттеріне қолдан жасалған ойыншықтар сыйлаған. Дегенмен Путиннің Лукошенкоға не сыйлағаны айтылған жоқ.

Лукошенконың сыйлығы жайлы ақпарат 29 желтоқсанда екі ел президентінің Мәскеудегі кездесуінен кейін тарады. Бұл Ресей мен Беларусь басшыларының соңғы бір аптадағы екінші кездесуі.