Мәдениет министрі: Мен таңғы алтыдан түнгі он бірге дейін жұмыс істейтінмін

801002.jpg

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет саласындағы қызметкерлердің жалақысына қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Baq.kz.

Министрдің айтуынша, Астана мен Алматыдағы театр қызметкерлерінің жалақысы 70-80 мың теңгені құрайды.

«Жалақы әрдайым аз, жарайды, біз 30 пайызға көтерейік делік, оларда 90 мың теңге жалақы болады. Бірақ, біздің басты міндетіміз – таланттарымызға дамуға мүмкіндік беру. Жасыратыны жоқ, мен студент кезімде, үшінші курс оқып жүргенімде мемлекеттік симфониялық орекстрде жұмыс істедім. Алға ұмтылу керек болды. Мен таңғы алтыдан түнгі он бірге дейін жұмыс істейтінмін. Сенбі, жексенбісіз, себебі алға ұмтылғымыз келді. Бүкіл әлемде музыканттар солай жасайды, ешкім бір жалақыға өмір сүрмейді. Қазір вокалмен айналысатын трио, квартеттердің мүмкіндіктері зор, басқалар да жұмыс істейді. Немесе Сергей Безруков пен Владимир Машков сияқты өз спектакльдерін қоюға болады. Олар негізгі жұмысынан бөлек коммерциялық қойылымдар қойып, өнер көрсетеді. Әрине, төмен жалақы мәселесі бойынша біз жұмыс атқарып жатырмыз. Біздің басты міндетіміз – кітапхана мен мұрағат қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министрдің айтуынша, себебі бұл мамандардың қосымша ақша табу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, бірінші кезекте солардың еңбекақысын көтеру керек.

«Ал музыканттар мен актерлер қызметінің ауқымы кең. Дегенмен, әрине, біз барлығының жалақысын көтеруге мүдделіміз», - деді Мұхамедиұлы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер