«ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Жазушылар одағының ...

image_750x_5b17a006c4973.jpg

Байқаудың тақырыбы

Қазақ ақын-жазушылары;

Мәдениет пен өнер саласының белгілі қайраткерлері;

Фотоэтюдтер.


Байқаудың шарты

1. Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар қатыса алады, жасына шектеу қойылмайды.

2. jpg (jpeg) форматындағы түпнұсқа фотосуреттер қабылданады. Көлемі 300*1200-ден кем болмауы керек.

3. Байқауға ақ-қара түсті суреттер де қабылданады.

4. Фотоколлаж, арнайы эффектілермен өңделген фотосуреттер қабылданбайды.

5. Байқауға сапасыз, талапқа сай келмейтін фотосуреттер қатыстырылмайды.

6. Байқауға қатысушы тақырып бойынша 3-10 дана фотосурет жолдауы тиіс.

7. Фотосуреттер қатысушы жайлы ақпаратпен бірге (аты-жөні, тұрғылықты жері, жұмыс орны, байланыс телефоны, фотосуреттің тақырыптық атауы, қайда, қашан түсірілгені туралы, т.б) электронды поштаға жіберілуі тиіс.

8. Байқауға фотосуреттер жіберу арқылы қатысушы байқау ережесінде көрсетілген барлық талаптармен келісетіндігін растайды. Яғни, байқауға қатысушы өзі жайлы ақпараттардың және оның фотосуреттерінің жариялануына қарсы еместігін мақұлдайды. Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңының талаптарын толықтай сақтайтынына кепілдік береді. Авторлық құқық мәселесіне байқауға қатысушы тарап жауапты.

8. Суреттер арнайы мамандардан жасақталған қазылар алқасымен іріктеліп алынады.


Байқауға қатысатын фотосуреттерді іріктеу шарттары

– Байқау ережесінде көрсетілген тақырыптың қамтылуы;

– Көркемдік шешімнің сонылығы, байқау тақырыптарын ерекше жеткізу;

– Фотосуреттің сапасы: бейненің анықтығы, дәлдігі;

– Фотосуретті түсірудегі кәсіби көркемдік талғам.


Байқау жүлдесі

1-орын: 300 мың теңге

2-орын: 200 мың теңге.

3-орын: 100 мың теңге.

(Бұған қоса, 1-2-3 орын иегерінің фотоларын «Сайлау Пернебаев-80» атты фотокөрмеге қосу).


Байқаудың мерзімі

Байқау ІІІ кезеңнен тұрады:

І-кезең. Фотосуреттерді қабылдау – 2018 жылғы 1- мамырдан 30-тамызға дейін.

ІІ-кезең. Фотосуреттерді іріктеу, бағалау – 2018 жылғы 20-қыркүйекке дейін.

ІІІ-кезең. Фотобайқау жеңімпаздарын марапаттау – 2018 жылғы 10-қазанда («Сайлау Пернебаев-80» атты фотокөрмеде) өтеді.


Ұйымдастыру комитеті және байқаудың қазылар алқасы

1. Байқаудың ұйымдастыру жұмыстарын Байқаудың қазылар алқасының қызметін атқаратын Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Ұйымдастыру комитетінің құрамын «ФОТОӨНЕР» ҚБ төрағасы бекітеді.

2. Ұйымдастыру комитеті ұсынылған фотосуреттерге талдау жасап, бағалап, ең үздік фотосуреттерді анықтайды және Фотобайқаудың жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырады.

3. Қазылар алқасы ақын-жазушылар мен белгілі кәсіби фотографтардан жасақталады.

4. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын фотобайқаудың тақырыбы бойынша бағалайды.

5. Қазылар алқасының әрбір мүшесі қарастырылған жұмыстар бойынша хаттама толтырады.

6. Ұйымдастыру комитеті қосымша номинацияларды, арнайы жүлделерді, ынталандыру дипломдарын жариялай алады.


Байқауға қатысушылар материалдарын мына

мекен-жайға жіберуі тиіс:

Алматы қаласы,

Абылай хан даңғылы, 105-үй, 3-қабат.

Қазақстан Жазушылар одағының ғимараты,

«Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясы. e-mail: qazaqadebiety@gmail.com

тел: (8727) 2-72-88-17 және 2-72-81-09.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Жазушылар одағының ...