Жынның әйелін босандырған семейлі акушер әже
16-11-2024
Шай бағасының қымбаттауы бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында тұр. Елімізде шай бағасы жыл ішіне 6 пайызға қымбаттағанымен, ішкі нарықта шайдың сатылымы 1,5 пайызға артқан, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Елімізде қайта өңделген шай мен кофе өндірісі көрсеткіші төмендеп келеді. Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 11,5 мың тонна шай мен кофе өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4 пайызға төмен.
7 айда импортталған кофе мен шай 25 мың тоннаға тең. Өзіндік өндіріс сұраныстың 26,3 пайыз ғана қанағаттандырды. Ішкі нарықта шай мен кофенің сатылымы 93,7 пайыз, немесе 31,8 мың тонна. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,5 пайыз жоғары. Сатылым көрсеткішінің артуы бағаның қымбаттауымен қатар келді.
Қыркүйек айында қара шайдың бағасы 5,8 пайыз қымбаттап, келісі 3054,8 теңгеге жетті. Шай бағасының қымбаттауы бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында тұр. Онда шай бағасы 3390 теңге, ал Қостанайда 3282 теңге болды.
Қазақстанға негізінен шай Кениядан (9 мың тонна), Үндістаннан (7,1 мың тонна) және Ресейден (2,4 мың тонна) жеткізіледі.