Карантин 25 мамырға дейін ұзартылды
Елімізде Төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталады дегенімен, Қазақстанның бірқатар аймақтарында карантин әлі жойылмады. Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының билігі шектеу шараларының ұзартылатынын хабарлайды.
Маңғыстау облысында карантин кем дегенде 25 мамырға дейін созылады. Бұл туралы Маңғыстау облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Садыманов хабарлады.
2020 жылдың 25 мамырында таңертеңгі 7.00-ге дейін тыйым салынады:
- аймаққа кіріп-шығуға - тұрғындардың өмір сүруін қамтамасыз ететін автомобильдерді қоспағанда;
- қалалар мен аудандар арасында жылжу (қоспағанда)
- Жұмысқа тек 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, міндетті түрде маска кию арқылы - таңертең сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін және кешке сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін шығуға рұқсат етіледі.
Ақтөбе облысында жедел штаб ШОБ-қа қатысты шектеулерді алып тастады, бірақ карантиндік шаралар сақталады. 11 мамырдан бастап қонақүйлер, жатақханалар, сауналар мен моншалар жұмысын қайта бастайды. Азық-түлік базарлары мен балабақшаларды ашу мәселесі әлі де пысықталып жатыр.
Сонымен қатар, Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин шарттары ерекше өкім шыққанға дейін сақталады.