Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға келін сыйлады
Дәл қазір "Асыл" тобының әншісі, қобызшы Ақерке Бүркітбайдың ұзату тойы өтуде. Роза Рымбаеваның тұңғышы құсын қолына қондырды. Ақеркенің ұзату тойынан түскен суретті журналист Анна Данченко Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа порталыне сілтеме жасап.
Журналист "Құтты болсын", - деп жазба қалдырды.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын Ақерке Бүркітбай Instagram желісіндегі парақшасында "Мен келісемін", - деп жүзігінің суретін жариялаған болатын.