Президенттің үкімімен 15 шенеунік лауазымымен қош айтысады

Oinet.kz 02-09-2020 1974

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған  Жолдауында министрліктердегі жауапты хатшылар институтын қысқартуды тапсырған болатын. Президенттің үкімімен 15 шенеунік  лауазымымен қош айтысатын болды.

image.png

Олар:

1. Арман Жұмабеков – Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы;

2. Қанат Сәрсембаев – Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы;

3. Жанат Қожахметов – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;

4. Бақытжан Берікбайұлы – Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы;

5. Марат Оразаев – Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;

6. Жәнібек Гупиров – Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы;

7. Аида Құрманғалиева – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;

8. Айдын Ашуев – Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

9. Әнуар Ахметжанов – Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы;

10. Сәбит Нұрлыбай – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауаптшы хатшысы;

11.Талғат Момышев – Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы;

12. Азамат Әмірғалиев – Әділет министрлігінің жауапты хатшысы;

13. Әркен Өтенов – Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы;

14. Мереке Пшембаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;

15. Әсем Нүсіпова – Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.

Айта кетейік, жауапты хатшы лауазымы "А" корпусына жатады. Ол мемлекеттік қызметкер болумен қатар ерекше мәртебеге ие. Өйткені, жауапты хатшыларды Президент Әкімшілігінің ұсынуымен, премьер-министрдің мақұлдауымен  тағайындайды және қызметінен босатады.

Түркменбашының портреті дүкендерде жаппай сатылуда
«Шенеуніктердің отбасыларына шетелде шот ашуға тыйым салынады» - Қаржы министрі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу