Түркістан: Рухани-мәдени орталыққа апарар жолға тасжол төселді

Oinet.kz 26-09-2020 528

Рухани-мәдени орталық пен айналма жол жанында салынып жатқан "Керуен сарай" кешені арасын жалғайтын 750 метр ұзындықта Б. Батырбеков көшесінің құрылысы, яғни тасжол төсеу жұмыстары аяқталды. Төрт жолақты жол осы аумақтағы барлық нысандарға баратын негізгі көше болып табылады. 10 күнде жол құрылысы аяқталып, нәтижесінде "Ұлы дала елі" орталығы, "Қабылдау орталығы", "Драма театр", "Шығыс моншасы"," Халықаралық туризм және меймандостық" университеті, Тұңғыш Президент саябағы сынды нысандарды тамашалауға мүмкіндік береді.

Одан өзге, қазірде жол жиегінде жасыл желек егіліп, суландыру жүйесі жүргізіліп жатса, кезеңімен аяқжол, вело жол, жарықшамдар, аялдама орнатылатын болады.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алды гүлзарға айналды
Түркістанда алып “Тауыс” (павлин) құсының бейнесі жасалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу