Түлкібас ауданында жаңа көпір салынып, жолдар жөнделуде

Oinet.kz 25-09-2020 448

Түркістан облысы Түлкібас ауданында көп жылдардан бері көпір салу мәселесі шешімін таппай келген еді. Қазіргі таңда жаңа көпір ел игілігіне берілді. Сондай-ақ, Түлкібас кентінде 15 көше жөндеуден өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түлкібас ауданында жаңа көпір салынып, жолдар жөнделуде

Бүгінгі күнге дейін Қарағашты ауылының тұрғындары аудан орталығына бару үшін өзеннен өтуі тиіс болған. Амалсыздан 3 шақырым жолды айналып өтіп, жаяу қатынап келген еді. Биыл осы өзеннің үстінен көпір құрылысы қолға алынып, тапсырылды. Сондай-ақ, мұнда түнгі жарықтандыру шамдары қойылған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына да барлық жағдайлар қарастырылған.

Ал, Түлкібас кентінде «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдар ретке келтірілуде. Ал, ауылдағы жолдар күрделі жөндеуден өткізіліп, қараша айында пайдалануға берілмек.


Түркия елшісі Түркістанның даму әлеуетіне риза болды
Қазан айында Түркістан кәсіпорындары қоржыны тағы бір өндіріспен толығады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу