Ордабасы ауданы: 500 мыңнан аса төрт түлік бар

Oinet.kz 24-09-2020 420

Түркістан облысы Ордабасы ауданында 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, мал шаруашылығы саласын дамыту жоспары жүйелі түрде орындалып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпаратОрдабасы ауданы:  500 мыңнан аса төрт түлік бар

Мысалға, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 327 ірі қара мал алынды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 4089 мал алынып, 190,7 % орындалды. Ал,97 бас. жылқы «Құлан» бағдарламасы бойынша алынған.

Осылайша ауданда жалпы төрт түліктің саны 520 мыңға жуықтаған. Оның 73,3 мыңы ірі қара, 420,4 мыңы қой мен ешкі, 25,4 мыңы жылқы, 740-ы түйе. Ал, құстардың жалпы саны 423,9 мыңға жеткен. Сәйкесінше кәсіпкерлер мал шаруашылығы өнімдерін молынан алып, нарыққа шығаруда. Бүгінге дейін ауданда 13 311,8 тонна ет, 33 004,9 тонна сүт, 7 263,8 мың дана жұмыртқа өндірілген.

Айта кетейік, Ордабасы ауданында мал тұқымын асылдандырумен айналысатын 6 шаруа қожалығы бар. Ал, жалпы мал бордақылау алаңдарының саны 355 бірлік, оның 76-сы биыл іске қосылған. Сондай-ақ, 84 сүт фермасы жұмыс істейді. Үстіміздегі жылы 3 отбасылық құс фермасын ашу жоспарланса, бүгінде 4-еуі іске қосылып, жоспар 133 пайызға орындалды.

Түркістанның көшелері жаңаруда
Шардара су қоймасы жөндеуден кейін 7 балдық жер сілкінісіне шыдас бере алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу