«Қазақстанда қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін» – Бағдат Қожахметов
Қазақстанда COVID-19 белгілері бар пневмония мен коронавирус жұқтырғандар саны артты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz
– Жағдайдың тұрақталғанына қарамастан, карантиндік шаралар күткен нәтиже берген жоқ, науқастардың саны қайтадан өсіп жатыр, – деді Қожахметов.
Оның айтуынша, егер тұрғындар санитар дәрігердің талаптарын орындамаса, қазақстандықтар қатаң карантинге оралуға мәжбүр болады.
дереккөз: qamshy.kz.