Тоқаев коронавирусқа байланысты кеңес өткізеді
Президент Тоқаев коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңес өткізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.
- Бүгін түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары бойынша кеңес өткізеді. Шара барысында COVID-19-ға байланысты елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар кешені, сондай-ақ азаматтарды вакцинациялау процесі қаралатын болады. Кеңеске орталық мемлекеттік органдар басшысы, өңір әкімдері қатысады, - деп жазды баспасөз хатшысы..