Алтынай Жорабаева әкесін құттықтап көпшілікті жылатты (видео)
Танымал әнші Алтынай Жорабаева әкесін туған күнімен құттықтады. Ол әкесіне рахмет айтып, дүниедегі бар жақсылықты тіледі. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Әкетайым-Асқар тауым! Туған күніңіз құтты болсы!. Алла сізге мықты денсаулық , ұзақ ғұмыр беріп, Анашым екеуіңіз екі дүниенің бақытын бірге көруді нәсіп етсін. Қыз баланың әкесіне жақын болуы, әкенің қыздарына деген махаббаты мен мейірімінен... Жандарым-ау, Анашым екеуі әлі күнге дейін еркелететін жерде еркелетіп, жылы сөздерімен , ақыл-кеңестерімен, дұғаларымен қанат бітіріп отырады ғой. Анашым екеуіңіз алдымызда әрқашан күліп -ойнап, біздің тек қуанышымызды көріп жүре беріңіздер Алла қаласа! - деп жазды әнші.
Әншінің бұл тілегіне көпшілік ыстық ықыластарын білдіріп, кейбірі көздеріне жас алғандарын жазды.