Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуімен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуімен не себепті ажырасқанын ашып айтты. Айтуынша, жолдасы отбасына қиянат жасаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Алланың аманатына (әйел, бала-шаға) қиянат жасалды", - деп мәлімдеді Мөлдір Instagram-да оқырманына берген жауабында.
Екі рет некеде болып, бүгінде бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған әнші ештеңеге қарамастан, тағдырына разы екенін жеткізді.
"Әлхамдулиллях разымын! Қос қанатымның барына шүкір! Ата-анам, бауырларым, қолдаушы халқым аман болсын!" - деп жазды ол.
Бұдан өзге, Мөлдір бала тәрбиесіне қатысты кеңес берді.
"Сүннет бойынша тәрбиелесеңіз, қателеспейсіз. Жалпы қалай өмір сүру керектігін сүннет жолынан таба аласыз", - деді ол.
Айта кетейік, 2020 жылы Әуелбекова екінші мәрте тұрмыс құрған болатын. Өткен айда әнші күйеуімен ажырасқанын хабарлады.