Жұлдыз Әбдікәрімова отбасына қатысты сұраққа нүкте қойды
Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қасиетті Рамазан айында да өзіне қатысты түрлі қауесеттер тоқтамай жатқанын қатты күйінді. Ашуға булыққан өнер иесі жеке өмірінен "хайп" жасамайытынын кесіп айтты.
"Қасиетті ай болса да, қасиетімізден айырар сөз қуу, өсек айту тоқтамай тұр. Хайптау да, айыптау да менікі емес. Сондықтан болар 1045 түрлі арнаның журналистері хабарласып, "ақылы" сұхбатқа шақырса да, бас тартып жүргенім. Сол бас тартқанымнан да шығар, түрлі тақырыптармен ақылға қонымсыз дүниелерді жазып жатқаны. Хайп керек болмағандықтан болар, ел менің бірде бір ақталуымды, даттауымды, жақтауымды, мақтауымды естімегені және өздеріңіз өсіріп жатқан статистиканы көрмегені. Сұрақ шыққан жерден жауап та шығады. Сол үшін әркімге барып ақтарылып, ақыл сұрау да маған жат. Осымен бұл әңгіме жабылсын. Себебі 1 секундтан кейін алдымызда не күтіп тұрғанын білмейтін пенде үшін ертең не болары құдайына ғана мәлім", - деді.