Бақытбек Есентаев түрмеден шықты. Оны қарсы алуға қыздары келмеді
Танымал продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев бүгін түрмеден шықты. Бұл туралы оның қарындасы Нағима Есентаева Instagram парақшасында хабарлады.
Видеода Нағима Есентаева ағасын жора-жолдас, тамыр-таныс, жақындары түрмеден зор қошеметпен қарсы алып жатқандарын көрсетіп қуанышын жасыра алмады. Олар Бақытбек Есентаевты кафеге апарып, дастархан басында мәре-сәре болып отырады.
Еске сала кетейік, Бақытбек Есентаев түрмеде 6 жыл отырды. 2016 жылы Бақытбек Есентаев әйелі Баян Мақсатқызын соққыға жығып, пышақ жарақаттарын салғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол соңғы 6 жылын Алматы облысы Заречный ауылындағы қатаң режимдегі ерлер колониясында өткізді. Мұнда — ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтейді.
Айта кету керек, Бақытбек Есентаев түрмеден шыққанда оны қарсы алуға қыздары Айсәуле Бақытбек пен Айару Бақытбек келмеді.