32 жастағы әйел перзентханаға үш-ақ рет барып, жеті баланың анасы атанған
Сайрам ауданында 32 жастағы әйел перзентханаға үш-ақ рет барып, жеті баланың анасы атанған.
Ерекшелігі – барлық баланың туған күні 8-і екен. Үйдің үлкендері Фатима мен Зухраның туған күні 8 мамырда, үшем Разия, Рабия және Раяна 8 шілдеде, кенже егіз Хусан мен Хасан 8 қарашада туған.
Сондай-ақ, бауырлардың барлығының арасы – алты жас.
"Мұның қалай болатынын өзім де білмеймін.Алғаш рет егіз босанатынымды білгенде, қатты қуандым. Менің де, жұбайымның да қанында егіздер бар. Менің анамның әпкесі екі рет егіз туды, күйеуімнің туған әпкесінің егіз ұлдары бар”, – деді Дильфуза Мирзакулова.