Қазақстандық намысты қыздар әнұранның тоқтағанына қарамастан өздері жанды дауыста шырқады
Үндістанда су спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты кезінде қазақстандық ватерполшы қыздарға ел сүйсінді. Себебі аруларымыз әнұран ойналған кезде орын алған техникалық ахауға қарамастан, гимнді жанды дауыста өздері шырқаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Oinet.kz
Үндістанда бақ сынап жатқан қазақстандық ватерполшылардың видеосын Алматы қаласы "Jas Otan" Жастар Қанатының төрағасы Мади Ахмет Instagram парақшасында жариялады.
"Жарайсыңдар, қыздар! Міне, намыс! Үндістандағы додада біздің ватерполшылар Қытайды жеңді. Әнұран орындап жатқанда 8-секундта дыбыс үзіліп кетті. Біздің қыздар әнұранды соңына дейін орындап, стадионның овациясын тоқтатты", - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұл додада қыздар арасында Үндістан, Қытай, Жапония, Шри-Ланка, Өзбекстан құрамалары жүлдеге таласуда.