Майданнан 10 ұлы да аман оралған ана
06-01-2024
Алеппо - Сирияның ең үлкен қаласы. 2006жылы «Ислам өркениетінің ордасы» титулы беріледі. 2011 жылдың 15 наурызынан бастап Ел басшысы Асадтың үкіметтен кетуін талап еткен жаппай халық наразылтары бастау алады. Көтеріліс сегіз жылға созылып, миллиондаған халықтың өмірін қиатын қақтығысқа әкеледі деп кім ойлаған.
Дума қаласында 2018 жылдың 7 сәуірінде бүлікшілер тарапынан химиялық қару қолданылғаны белгілі болды. Соның салдарынан 70-тен астам қаза тауып, 500-ге жуық тұрғындар уланды.
2013 жылдан бастап «Халифат» террористік ұйымның содырлары азаматтық соғысқа кірісті. 2014 жылы өздерін «Ислам мемлекеті» деп жариялап, 20165 жылы олардың саны 60 мыңға дейін жетті.
Террористердің басты нысанасы Сирияның мәдени-ежелгі Пальмира қаласын жою болды.
Соңғы жеті жылда 5,3 миллион тұрғын елден жыраққа көшуге мәжбүр болды. Оның ішінде 3 миллионнан астамы Түркияға, 1 миллионнан астамы Ливанға, Иорданияға 700 мыңдай халық қоныс аударды.