Қорғаныс министрлігі қаруды қолды еткен әскери қызметкерге қатысты мәлімдеме жасады
Шымкент қаласының маңындағы әуеге қарсы қорғаныс әскери бөлімдерінің бірінен келісімшарт бойынша кіші сержант А. Балғынбай бөлімнен өз еркімен шығып кеткен, деп жазады BAQ.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Ол сол кезде кезекші ретінде кезекті ауысым құрамында болған. Сол уақытта қару сақтау бөлмесінде атыс қаруларының саны түгел емес екені анықталды. Құқыққорғау органдары мен әскери полиция әскери қызметкер мен жоғалған қаруды табу үшін, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиісті шұғыл-іздеу шараларын қабылдады, - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта