Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық кеңес отырысы өтеді
27 мамыр, бүгін ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн режимдегі 3-отырысы өтеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн режимдегі 3-отырысы сағат 11:00-де өтеді.
Отырыста президент бой көрсетеді. Ұлттық кеңестің отырысы адами капиталды дамытуға, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналады. Отырыс президент баспасөз қызметінің фейсбуктегі AkordaPress парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.