Экс-депутат Елекеев қазіргі Парламент депутаттарына 2 деген баға қоятынын айтты
Танымал журналист Нартай Аралбайұлымен болған сұхбатта заңгер, қоғам белсендісі Ирак Елекеев қазіргі Парламентте отырған депутаттарға 2 деген баға қоятынын айттты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Көп болса 5-тен 2-3 деген баға қояр едім. Одан артық қоя алмаймын. Қазіргі депутаттар өте нашар. Жылдан-жылға Парламент пәрменсіз болып барады. 12-ші шақырылымды көз алдыңа елестет, нағыз тұлғалар жиналды. 13-ші шақырылымда сол азаматтардың біразы қалды, біразы кетті. Себебі, олардың санын азайту үшін алып тастады, - дейді қоғам белсендісі.
Ол журналистің "сізге депутат атануға тағы мүмкіндік болса не істер едіңіз?" деген сауалына:
- Жоқ. Мен бұдан бас тартамын. Жастарға мүмкіндік беру керек. Парламенттен тамаша кету керек, - деп жауап берді экс-депутат Ирак Елекеев.