Білім министрі оқушыдан балағат сөз естіген мұғалімді жақтады
Бүгін Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыдан балағат сөз естіген мұғалімді қорғады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
«Бүгін мен №4 орта мектептің мұғалімімен телефон арқылы сөйлестім. Ол білім саласында 11 жыл бойы қызмет етіп келеді. Әріптесіме қолдау сөздер айтып, қажырлы еңбегі, шыдамдылығы мен адалдығы үшін алғыс білдірдім.
Баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Өз тарапымыздан педагогтерге деген мұндай қарым-қатынасты, көзқарасты жойып, жолын кесу үшін қатаң шаралар қабылдайтынымызды ескертемін. Қоғамда мұғалімнің мәртебесі жоғары болуы керек», - деді министр.